Вакцинация паспортын заңсыз берудің әрбір фактісі тексеріледі — Е. Қиясов

Вакцинация паспорттарын вакцина алмай-ақ сатып алуға болады екен деп хабарлайды ortcom.kz.

Мұндай жағдайлар туралы естідіңіз бе? Вакцинация статистикасының сенімділігіне қатысты сұрақтар туындамай ма? Бұл туралы журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында еліміздің бас санитарлық дәрігерінен сұрады. Ерлан Қиясов, негізінен, екпе алуға дайындық кезеңдері мұндай жағдайды болдырмайды деп жауап берді.

«Деректерді енгізу бойынша жалпы рәсім бар: адам вакцинацияға келіп, алдын ала тіркеуден, медициналық тексеруден өтеді, вакцина алу үшін жазбаша келісімге қол қояды. Мұндай фактілер бір-екі рет болған шығар, бұл жеке қызметкердің жосықсыз іс-әрекетінен болуы мүмкін. Әрбір факті бойынша мұқият талдау жүргізілетін болады, бірақ жалпы, вакциналау процедурасының өзі мұндай жағдайларды болдырмайды», — деп сендірді вице-министр.

Дегенмен, ол жауапты органдар бәрін зерттеп, шара қабылдауы үшін мұндай фактілер туралы хабарлауға шақырды.