Дауылды алдын ала ескерту

Қазгидрометтің кезекші синоптигінің мәлімдеуінше Шымкент қаласында 2022 жылғы 8 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында Шымкент қаласының ТЖ департаменті мына сақтық шараларды ұсынады! Жаяу жүргіншілерге көктайғақта мына сақтық шаралар үсынылады:* ыңғайлы, тұрақты өкшеде, тайғанамайтын аяқ киім кию;* көшені тек белгіленген жаяу жүргіншілер өтетін жерде кесіп өту, тайғақ жол жамылғысының және нашар көрінудің салдарынан жүргізушіге көлік құралын тоқтатуға көп уақыт кетеді;* қозғалатын көліктің алдында трассадан жүгіріп өтпеу;* жоғары көрінетін көкірекше немесе шағылысатын элементтерді пайдалану;* тек көлік ағынына қарай қозғалу;* құлаған кезде травматологтар қолдарын алдына қоймауға, бүйіріне құлауға кеңес береді, бұл күрделі сынықтардың алдын алады.

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы