Дауылды ескерту: аса қажет болмаса алыс жолға шықпаңыздар!

4 қараша күні басталған шаңды дауыл Түркістан облысының кейбір аумақтарында 5-6 қараша күндеріне дейін жалғасады, — деп хабарлайды «Казгидромет» РМК Түркістан облысы филиалы. Шығыстан соққан жел облыстың солтүстігінде, батысында, тау және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, 5 қарашада таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с дейін жетеді — делінген хабарламада. Осыған байланысты, Арыс қаласы әкімдігі қала тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады.Бүгін Түркістан-Арыс бағытындағы тас жолында шаңды дауыл салдарынан автокөліктердің қозғалысы баяулап, кептеліс орын алған. Табиғаттың тосын мінезінен Қаражантақ, Саналы, Бөген, Төрткүл ауылдарында болған қолайсыздықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Дауылды ауа-райында қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!АСА ҚАЖЕТ БОЛМАСА АЛЫС ЖОЛҒА ШЫҚПАУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ. Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай мамандары, өрт сөндіру, аудандық коммуналдық мекеме қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі