Департамент жанынан құрылған Ведомствоаралық жұмыс тобының көшпелі отырысы өткізілді

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне келіп түскен шағымдардың басым бөлігін жер саласы құрады.

Департаментпен жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынан (әрі Қарай — Басқарма) бірқатар кемшіліктер анықталған.

Өз кезегінде, Департамент тұрғындардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізді.

Аталған кемшіліктердің біраз бөлігі Басқарма тарапынан жіберілген болса, біраз бөлігі объективті себептермен болғандығы анықталды.

Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен қағидаға сәйкес, Басқармаға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мемлекеттік қызметі бойынаша келіп түскен өтінішке, жергілікті коммуналдық қызметтер тиісті қорытынды ұсыну қажет.

Алайда, тәжірибеде коммуналдық қызметтер тарапынан көп жағдайда қорытындыны дұрыс ұсынбау немесе мүлдем қорытынды ұсынбау жағдайлары кездеседі.

Осыған байланысты, Департамент жанынан құрылған Ведомствоаралық жұмыс тобы жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміне қатысатын коммуналдық қызметтер көрсетуші мекемелерінің өкілдерімен, Әікмідіктің жауапты мамандарының қатысуларымен Басқармада көшпелі жиын өткізілді.

Жиын қорытындысымен, жоғарыда аталған мәселелерді шешуге бағытталған тиісті ұсыныстар енгізілді.