Діни сауаттылықты арттыру

Қазіргі кезде елімізде  жастардың діни сауаттылығы мен танымдық тәрбиесін арттыру маңызды. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы   осы жастардың санасы мен  мәдени дамуына, білім деңгейіне байланысты . Сондықтан, жастардың заманға сай діни білім деңгейін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Төлеби аудандық қоғамдық кеңесінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері, қоғамдық бірлестіктер, халыққа қызмет көрсету саласы, құқық, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, мемлекеттік ақпараттандыру саясаты, кеңестің өкілеттілік және этика мәселелері, діни ахуал және этно-мәдени, жастар саясаты мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы О.Кадиров және мүшелері Т.Манапов, М.Егембердиев, П.Есқұлов ауданның бас имамы Ү.Сәурбаевпен бірлесе Бірінші Мамыр ауылдық округі аумағындағы Діни ұйымдардың жұмыс жағдайларымен танысты.

Бірінші Мамыр ауылдық округ әкімі Б.Маусунбеков, ауданның бас имамы Ү.Сәурбаев және бірқатар ардагерлердің қатысуымен бірлескен алғашқы отырыс өтті. Жиында адами және ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы ізгі қоғам қалыптастыру, әдеп-ғұрыптар, дәстүрлі діни ағымдар, мәдениеттілік пен өркениеттілік мәселелері талқыланды. Бірінші Мамыр ауылдық округі тұрғындарын аталған мәселелер бойынша толғандырып жүрген сұрақтары болса аудандық қоғамдық кеңесіне хабарласуға және қоғамдық қабылдауға келуге болатыны айтылды.