Қоғамдық мүдделерді қорғау туралы

Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау міндеттерін жүзеге асырады, соның ішінде физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға қарай құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобына қатысты.

Прокурорлық ден қою шараларымен 15 жылдан астам әрекетке қабілетсіз деп танылып құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы шектелген апалы-сіңілілер балалар үйінің тәрбиеленушілерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Апалы-сіңілілер оларды әрекетке қабілетті деп тану үшін аудандық прокуратураға жүгінген.

Астана қаласы «Алматы» ауданы прокурорының талабы бойынша азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде сот-психиатриялық сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша азаматтар әрекетке қабілетті деп танылды.

Прокурордың ден қою актісі толығымен қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы