Елорда прокуратурасы заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді анықтау бойынша рейдтік іс-шараларға бастама жасады

Қала прокуратурасы уәкілетті органдар және полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіп, бірқатар заңсыз қоқыс орындарын анықтады.

Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша жергілікті атқарушы органмен 15-тен астам қоқыс үйінділері жойылып, 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.