Елорда прокуратурасы кәмелет жасқа толмағандардың мәселелері бойынша жиналысқа бастамашылық етті

Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасы Астана қаласының Полиция департаменті, елорда әкімдігі, кәмелет жасқа толмағандардың құқыған қорғау комиссиясының қызметкерлерімен, «Право» және «Қамқор» қоғамдық қорларымен бірлесіп, аудан аумағындағы мектептердің ата-аналарына жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында ата-аналарға кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы, заманауи есірткі түрлері мен олардың психикаға әсері, балалар арасында буллинг пен бопсалау мәселелрі талқыланды.

Аталған іс-шара қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ата-аналарды балаларының қоғамдық өміріне тарту, сондай-ақ жастар арасындағы мәселелер туралы ақпараттандыру мақсатында өткізілді.

Жиналыс нәтижелері бойынша оларды шешу жолдары әзірленді.