«Ел тірегі — елбасы» акциясы Түркістан облысында бастау алды

«Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі — ЕЛБАСЫ» атауымен кең ауқымды қайырымдылық акциясын бастады деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл жолғы шара Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Түркістан облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 2 000 аз қамтылған отбасын қамту жоспарланған. Аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ауылдық округтердің әкімдіктерімен және «Халық» Қорының өкілдерімен бірлесіп, осы азық-түлік жиынтығын әрбір алушыға жеткізуді қамтамасыз етеді.

Елімізде бастау алған шара аясында «Халық» қайырымдылық қоры әрқайсысының салмағы 50 келіден асатын 15 мыңнан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылуда. 

Аталған қор пандемияның алғашқы күнінен бастап, жан — жақты қамқорлық көрсетуде. «Халық» қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдеріне «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдауға шақырады. Мұндай акция биыл бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарланып отыр.

Акция «Ел тірегі – елбасы» стартовала в туркестанской области

Благотворительный фонд «Халык» начал масштабную благотворительную акцию под названием «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» передает пресс-служба акима Туркестанской области.

Мероприятие приурочено к 30-летию Независимости Республики Казахстан. 

В Туркестанской области в рамках акции планируется охватить 2 000 малообеспеченных семей, воспитывающих детей с особыми потребностями. Отделы занятости и социальных программ районов и городов совместно с акиматами сельских округов и представителями фонда «Халык» обеспечат доставку данных продуктовых наборов до каждого получателя.

В рамках мероприятия благотворительный фонд «Халык» сформировал более 15 000 продуктовых корзин, вес каждой корзины — более 50 кг. В настоящее время продуктовые корзины распределяются во все регионы нашей страны, согласно спискам, предоставленным региональными акиматами.

Отметим, фонд проявляет всестороннюю заботу с первых дней пандемии и призывает предпринимателей и представителей благотворительных организаций поддержать акцию «Ел тірегі – Елбасы». Планируется, что подобная акция в этом году будет проводиться неоднократно.