Үйлестіру кеңесі өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Іс шараға үйлестіру кеңесінің мүшелері мен кәсіподақ активі қатысты.

Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:

1) 2023 жылға Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша үміткерлерді ұсыну туралы;

2) Кәсіподақтар федерациясының «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына ұсыныс беру туралы;

3) «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізу туралы;

4) Әлеуметтік желілерде салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының ресми парақшаларын ашу, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жарияланымдарына қолдау көрсете отырып, кәсіподақ мүшелерін Кәсіподақтар Федерациясының «You Tube» және «Fasebook» парақшаларына жазылуды ұйымдастыру;

5) Барлық салалық кәсіподақ филиалдары басшылары кәсіподақтар жұмысын насихаттау мақсатында газетке мақалалар жариялау.

Жиында сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша 2023 жылға Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша, сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясының «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына қатысушылардың кандидатураларын кеңес мүшелеріне өз мезгілінде беруін тапсырды.

Келесі мәселе бойынша «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясын қолдау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулерді өткізу мәселесі қарастырылып, оның орындалуы бойынша кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жарияланымдарына қолдау көрсету мақсатында кәсіподақ мүшелерінің Кәсіподақтар Федерациясының «You Tube» және «Fasebook» парақшаларына жазылуын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік желілерде салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының ресми парақшаларын ашуды, сонымен қатар БАҚ-да кәсіподақ жұмысын жандандыру аясында мақалалар жариялау бойынша мәселелерін талқылаға салып, шешу жолдарын қарастырды.

Жиын соңында кеңес мүшелері жүктелген тапсырмалардың тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ететінін жеткізді.