Есірткі заттары бейнеленген тауарларды сатуға тыйым салынады

Шымкент қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары ұдайы түрде сауда нүктелерінде есірткі және нашақорлықтың алдын алу бойынша ескерту жұмыстарын жүргізіп келеді.

Аталған іс-шара барысында олар бұл жолы «Рахима Плаза» сауда үйінде түсіндіру амалдарын жүргізді. Нақтырақ айтқанда, сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге ол бойынша арнайы дайындалған ақпараттық жадынамалар таратылуда.