Еңбек адамының құқығы мен мүдделерінің қорғалуы аясында онлайн кездесу өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өтті. Оған «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, кәсіподақ мүшелері арасынан жаңадан сайланған мәслихат депутаттары және кәсіподақ активі қатысты.

Кездесу барысында сөз алған төраға Бердіғали Өмірәлі ең алдымен сайлау науқанында жеңіске жетіп жаңадан сайланған депуаттарды жеңістерімен құттықтап, еңбек адамының әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында өз құзыреті шегінде маслихатта кәсіподақтардың әр бастамаларына қолдау білдіре отырып, алдағы уақытта мемлекетіміздің игілігі үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Сонымен қатар қатысушылар Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтар — Әділдік үшін» — Біз әлеуметтік мемлекетке 15 қадам сайлауалды тұғырнамасының негізінде өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Жиын соңында қатысушылар бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.