Еңбек адамы – Жарқын Қарабаев

Жарқын Қарабаев еңбек жолын 1978 жылы 20 шілде айында Павлодар мұнай өндіру зауытының технологиялық құрылымының операторы болып бастаған. Ленинград қаласында 1979 жылы 6 мамырынан бастап СА қатарындағы қызмет атқарып, 1981 жылдың 24 желтоқсанынан Шымкент қаласының Абай аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясының қөлік жүргізушісі, 1983 жылдың 21 ақпанынынан №4 дүкеннің меңгерушісі, 1988 жылдың 7 желтоқсан айынан «Казахиталкаракуль» БК экспедиторы, 2000 жылдың 2 мамырынан Шымкен қаласы ОҚО бойынша салық комитетінің тіркелмеген салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, 2006 жылдың 20 шілде айынан бастап Шымкент қаласы бойынша салық комитеті тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау бөлімінің бас маманы, 2009 жылдың 7 желтоқсанынан Абай ауданы бойынша салық басқармасы тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау бөлімінің жетекші маманы, 2010 жылдың 18 қаңтарынан Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасы бейөндірістік төлемдерді әкімшіліктендіру бөлімінің жетекші маманы, 2011 жылдың 1 маусымынан Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасы тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау бөлімінің мобильді тобының бастығы, 2013 жылдың 17 шілдесінен Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасы бейөндірістік төлемдерді әкімшіліктендіру бөлімінің бас маманы, 2015 жылдың 14 қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс атқарып келеді.Карабаев Жаркын Курманбекұлы қызмет барысында өзінің барлық күш-жігерін, білімін және тәжірибесін жұмылдыра отырып, жүктелген қызметтік міндеттерін белсенді және тиянақты атқарып орындайды және салықтарды өндіру бойынша болжамды жоспардың сапалы орындалуын және өсу қарқынын қамтамасыз етеді.Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде кәсіподақ қозғалысын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді.Жарқын Құрманбекұлының Кәсіподақтағы жұмыс өтілі – 45 жыл. 2021 жылы «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Төс белгісімен» марапатталған.

Шымкент қаласы кәсіподақ орталығы