Еңбек заңнамаларының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Заң дегеніміз — мемлекет белгілеген құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер. Елімізде адам құқықтарының бұзылатын жағдайлар  халықтың өз құқықтарын жете білмеуінен орын алып  жатады. Халықты құқықтық сауаттандыру,олардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін құқықтық органдармен көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен өтіп жатқан «Заң керуені» акциясы аясында 02.12.2022 жылы Әл-Фараби ауданы прокуратурасы басшылығының, Әл-Фараби ауданы әкімінің, қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясының, халықты жұмыспен қамту орталығының, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерінің қатысуымен аудан аумағындағы 100-ден астам жұмысшылары бар *7* кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтқанда Энергопоток ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ филиалы ОӨТД, «Қуатжылуорталық-3», Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС, Sinooil ЖШС Шымкент филиалы, Отау-Строй ЖШС, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ «Шымкент магистралдық желі бөлімшесі» филиалы мекемелерінің қызметкерлерімен әңгімелесу жүргізілді.

Кездесу барысында топ өкілдері еңбек және санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың, жалақының уақытылы әрі толық төленуіне байланысты талаптардың сақталу жағдайымен танысып, оларға еңбек заңнамаларының сақталуы бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, жиында еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық, келісім және еңбек шарттарын сақтау, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу жөніндегі сөздер қозғалды.

Кездесу соңында аталған еңбек ұжымдарға еңбек және басқа да әлеуметтік сұрақтар бойынша прокуратура мен құзырлы органдарға кез-келген уақытта жүгінуге болатындығы түсіндірілді.