Еңбек қауіпсіздігін сақтау — еңбек адамының өмірін сақтау

Еңбек қауіпсіздігі — бұл еңбек адамының өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпті, зиянды, оқыс жағдайлардың алдын-алу және болдырмау. Жалпы қай еңбек саласы болсын, сол саланың өз қиыншылықтары бар. Осы орайда «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымына қарасты Сарыағаш ауданында орналасқан «Нұрболат» медицина орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес Сарыағаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мекемесімен бірлесіп «Өртке қарсы қауіпсіздік іс шаралары» бойынша оқу- жаттығуын өткізді.

«Нұрболат» медицина орталығы 6 қабаты жалпы ауданы 5,5 мың шаршы метрді құрайды. Орталықтың базасында қазіргі уақытта 142 төсектік аурухана, 250 келушіге арналған емхана, жылжымалы жедел жәрдем көрсету бөлімшесінде барлығы 200 жуық қызметкер қызмет етеді.

Оқу-жаттығу кезінде:

— қауіпсіздік талаптарын сақтау,

— адамдар өміріне қауіп төніп тұрған кезде жылдам қимылдау,

— емделушілерді алып шығу,

— өрт сөндіру құралдарын пайдалану жағдайлары т.б. ұйымдастырылды.

Басты мақсат әр қызметкер өз саласының ең басты байлығы екендігін және өз саласында еңбек қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алуды түсінуінде. Жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау болып табылады.

Бүгінгі таңда еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі бұрынғыдан да өзекті, әрі маңызды. Өйткені ең басты құндылық адам денсаулығының қауіпсіздігін сақтау. Кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттарының біріде осы — еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ішкі бақылауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңда әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымының ұжымдық шарттарының басты назарында әр қызметкердің денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігін сақтау тұр.

Ендеше жұмыс алдында, жұмыс кезінде және жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің талаптарын орындап, қауіпсіздікті сақтап жүрейік!