Еңбек қауіпсіздігі-басты міндет

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудағы ішкі бақылауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру мәселесі, кәсіподақтардың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінде әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымдарында, ұжымдық шарттарда әр жұмысшының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау басты назарда.

Осы ретте «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ахмет Байтурсынов атындағы №1 мектеп лицейі» КММ-нің ұстаздарымен Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында кәсіподақ мүшелеріне еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде мағлұматтар берілді.

Сонымен қатар, Айдар Бахтыбаев биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, Кәсіподақтар федерациясы тарапынан лайықты еңбек жағдайларын жасау, ұжымдық және еңбек шарттарын сақтау, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.

Жиын соңында кәсіподақ мүшелерінің сұрақтары тыңдалып, оларға тиісті жауаптар берілді.