Еңбек қауіпсіздігі бойынша семинар өтті

Түркістан қаласы құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы комитетінің төрағасы Бектас Шірікбаев, Түркістан қаласындағы «Түркістан-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының еңбеккерлерімен семинар-кеңес өткізді.

Жиында Бектас Шірікбаев еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек еңбек дауларын алдын-алу мен еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша түрлі ақпараттар айтып өтті.

Сонымен қатар семинар барысында 2023 жылды Кәсіподақтар Федерациясы «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмыскерлердің еңбек құқықтары талқыланып, кәсіподақ мүшелері өздерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.