Еңбек қауіпсіздігі  бойынша семинар  өткізілді

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің қатысуымен «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғауға байланысты семинар-тренинг өткізілді.

Семинар барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі қатысушыларға биыл «Қауіпсіз еңбек жылына» орай, еңбек адамының кауіпсіздігі басты назарда екендігін тілге тиек етіп, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау және еңбек дауларын алдын-алу, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру сынды түрлі ақпараттарды айтып өтті

Одан өзге жиында кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақтың рөлі мен мақсаты түсіндіріліп, пайдалы кеңестер берілді.

Жиын соңында қатысушылар аталмыш шаралардың жиі болып тұруын айтып, алған мағлұматтарына алғыстарын білдірді.