Жамбылдық полицейлер жастар арасында нашақорлыққа қарсы күреске қатысты дәрістер өткізуде.

2021 жылдың 13 қазанында «Қарасора-2021» республикалық жедел- алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Есірткісіз болашақ» тақырыбында Қазіргі заманғы гуманитарлық-технологиялық колледжінің студенттеріне дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресті күшейту.

Дәріс барысында есірткіге қарсы бейнероликтер көрсету арқылы студенттерге есірткі және синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен салдары туралы айтылып, есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстық заңнаманың талаптары жеткізілді.

Полиция қызметкерлері қатысушыларды еліміздің азаматтары мен болашақ ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралуынан туындайтын жалпы проблемалардан тыс қалмауға шақырды.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі