Жамбыл облысында қараусыз малдар 21 жол-көлік апатына себеп болды

Жамбыл облысы полиция қызметкерлерімен жол бойында, жайылымдарда малдардың егесiз жүруiне қатысты рейдтiк iс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Қыс мезгілi келсе де төрт түлік малдың қараусыз жүруiне шектеу қойылмай отыр. Малдардың иесiз, бос жүруi түрлі қайғылы жағдайларға себеп болуда.

   — Мал иелері өз мүлкіне немқұрайлы қарау ұрлыққа әкелуі мүмкін екенін түсінуі керек. Ұрылар далада қараусыз қалған малды оңай айдап әкетуі мүмкін. Бұдан басқа, қараусыз малдың жол-көлік оқиғаларының себепкері болу ықтималдығы жоғары, — дейді  Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ержан Мананбаев.

Ағымдағы жылдың 11 айы бойынша жүргізiлген талдау нәтижесіне сәйкес, үй жануарларымен соқтығысқан 21 жол-көлік оқиғасы тiркелген. Соның салдарынан 8 адам қаза тауып, 30 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Малдарын бақылаусыз қалдырған 2221 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарға малды қараусыз қалдырмауды, әсіресе автомобиль жолдарына жақын аумақтарда оларды малшылардың бағуын ұйымдастыру мәселесіне көңіл бөлуді сұрайды. Қараусыз жайылып жүрген мал орны толмас салдарларға әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғаларының себепкері болмауы үшін тиiстi қадағалау жүргізудi ескертеді.