Үлгілі полицейлердің ата-аналарына арналған іс-шара өтті

Еліміздің тыныштығын күзетіп, қауіпті жағдайлардың алдын алып, қоғамдық тәртіпті сақтауда полицейлердің еңбегі орасан зор. Ал бұндай маңызды қызметке лайық, болашағынан үміт күттіретін жастардың қатарға көптеп қосылуы ата-ананың берген тәрбиесінің жемісі. Балаларын жас кезінен еңбекке баулып, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға дағдыландырып, алдағы өмірлеріне дұрыс бағыт-бағдар беру ата-ананың бірден-бір міндеті. Осы орайда Түркістан қалалық ПБ қызметкерлері өз жұмысына адалдығымен көзге түсіп, қызмет барысында жоғары көрсеткіштерге ие болып жүрген білікті полицейлердің ата-аналарын шақыртып, іс-шара өткізді. Сонымен қатар бұл шараға ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары полиция полковнигі Батырхан Сансызбаев бастаған ардагерлер арнайы қатысты. Іс-шара аясында полицейлер аналар қауымына құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын ұсынды.Бұған қоса ата-аналық міндетін адал атқарып , білікті де білімді полицейлерді тәрбиелеп өсіргені үшін басқарма бастығы полиция полковнигі Бауыржан Селтановтың атынан алғыс хаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды. Өз кезегінде қызметтерін абыроймен атқарып кеткен ардагерлер атынан Б.Сансызбаев аналарға шынайы тілегі мен рахметін айтты. Осындай құттықтаулар мен бағалы сыйлықтарға ие болған аналар қауымы мәз-мейрам боп, ұжымға алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі