Жамбыл облысына 5 блок-бекет қойылды

Жамбыл облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин өзінің фейсбуктегі парақшасында ауа райына байланысты қазіргі ахуал туралы хабарлады.

ПД бастығы ағымдағы жылғы 16 желтоқсандағы жағдай бойынша, жауын-шашынның салдарынан жолдың қатты көктайғақ болуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 239-дан 593-шақырымына дейін (Түркістан облысының шекарасы) көлік құралдарының барлық түрі үшін жол жабық екенін жазды.

Полиция қызметкерлерімен барлық ауданның аумағына блок-бекеттер қойылды. Атап айтқанда, Қордай, Меркі, Т. Рысқұлов аудандары, Тараз қаласы және Түркістан облысының шекарасы.

Азаматтар үшін 65 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта онда 36 адам жеткізілді.

Осы сәтке оқыс оқиға мен өлім деректері орын алған жоқ.

Жамбыл облысы ПД