Жамбыл облысында акция бойынша 100 жыл болған тапанша тапсырылды

2023 жылғы 10 сәуірден бастап Жамбыл облысында халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық акция өткізіледі.

Қордай ауданының полиция бөліміне 74 жастағы жергілікті тұрғын өтініш білдіріп, аталған акция барысында Ұлы Отан соғысына қатысушы әкесінен қалған 6.35 мм калибрлі «Фроммер Лилипут» маркалы тіркелмеген мылтық тапаншасын тапсырды.

1923 жылы Рудольф Фроммер жасаған және қысқа қашықтықта өзін-өзі қорғауға арналған  бұл мылтық  Будапешттегі (Венгрия) Fegyvergyar зауытында жаппай шығарылған.

Қордай ауданының тұрғыны әкесінің 1942 жылы 17 жасында майданға шақырылғанын, Венгрия мен Румыниядағы Қызыл Армия әскерлерінде пулеметші болып қызмет еткенін айтты. Бұл тапанша сұрапыл соғыста  Ясско-Кишинев операциясы кезінде жеткен жеңістеріне  сыйлық ретінде берілген екен.

Тапанша сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша ер адамға ол үшін ақша төленеді. Акция аяқталғаннан кейін бұл қару Жамбыл облысы Полиция департаментінің мұражайына тапсырылады.

Акция басталғаннан бері полицияға 32 дана атыс қаруы (6 мылтық және 26 тегіс ұңғылы) және   6,5 мм калибрлі патроннан  3-еу  тапсырылды.  Акция бөлінген қаражат толық игерілгенге дейін жалғасатын болады.