«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы өтеді.

Бүгін осы орайда, Шымкент қаласы полиция департаментінде жергілікті атқарушы органдар мен бірқатар жауапты мамандардың қатысумен дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Шымкент қаласы әкім аппараты басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, әкім жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат комиссияның хатшысы, қалалық прокуратура, «Аманат» партиясының хатшысы, қалалық мәслихат депутаты, Ұлттық комиссия мүшесі мен әйелдер кеңесінің төрайымы, Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы, Білім басқармасы, Еңбек мобильділігі орталығы, Денсаулық сақтау басқармалары мен Жастар ресурстық орталығынан келген мамандар қатысты.

Сала мамандары жиын барысында акция аясында бірлескен жұмыс жоспарын түзіп, жұмыс атқару мақсатында ұсыныстарын жеткізді.