Жамбыл облысында 50 жастағы әйел притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырғаны үшін ұсталды

«Stop traffic» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру кезінде клиенттерге ақша үшін қыздардың интимдік қызметтерін ұсынған кафелерді анықтады.

Заңсыз қызметті ұйымдастыруда ойын-сауық мекемесінің әкімшісі күдікті ретінде ұсталды.

50 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің  309-бабы 1-бөлігі  «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.

Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен  босатылды.

Қолма-қол ақша және ұялы телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі