Жамбыл облысының құмды аумағынан тағы бір авиациялық бомба табылды

2022 жылдың  22 ақпанында сағат 14:30-да Байзақ ауданының  полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, Байзақ ауданы Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі  бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылғанын хабарлады.

Табылған жерге дереу Полиция департаментінің және «Оңтүстік» ӨңҚ 28349 әскери бөлімінің саперлері жіберілді.

Оқиға орнына барғанда  табылған снаряд «ОФАБ-100» үлгісінің жарықшақты-фугасты авиациялық бомбасы  екені анықталды.

Мұқият зерттеуден кейін саперлер бомбаны залалсыздандыру  үшін  Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының оқу полигонына алып кетті.

ЖО ПД баспасөз қызметі