Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкері Республика бойынша үздік криминалист деп танылды

Жамбыл облысының ПД бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов өзінің Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ішкі істер органдарына кадрлар даярлау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 16-18 қараша аралығында Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ академиясы базасында «ҚР ІІМ-нің үздік тергеушісі, анықтаушысы және криминалисі»республикалық слет-байқауы өткенін хабарлады.

Үздік полиция қызметкері дәрежесі үшін барлық өңірлердегі Полиция департаменттерінің 58 қызметкері бақ сынады.

  Байқау қорытындысы бойынша «Үздік криминалист» номинациясында бірінші орынды Жамбыл облысының ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисі полиция капитаны Ержан Өтебаев жеңіп алды, Оған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан алғыс хат, диплом,  «Алғыс» марапат мүсіншесі және кәсіби фотоаппарат табыс етілді.

⁃ Ержан Өтебаев Жамбыл облысының Полиция департаменті  өз ісінің нағыз шеберлері, кәсіби мамандар жұмыс істейтінін дәлелдеді, — деп атап көрсетті Жанат Сүлейменов.

Жамбыл облысының ПД бастығы оған Алғыс хат пен ҚР ІІМ-нің логотипі бар қол сағатын табыс етті.

Бұл күні Жанат Сүлейменов сондай-ақ дактилоскопиялық зерттеулер мен суық қаруды зерттеу әдістемелері бойынша емтиханды өте жақсы тапсырған Жамбыл облысының ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, құттықтады. Емтиханды ҚР ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің біліктілік комиссиясының қызметкерлері қабылдады. Жамбылдық криминалистер өзге өңірлерден келген қызметкерлер арасында үздік нәтиже көрсетті.

ЖО ПД баспасөз қызметі