Шымкент: Полиция департаментінің бастығы халықпен кездесу өткізді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов кезекті кездесуді 112-орам, «Самал-1» шағынауданы, Қазиев көшесінің тұрғындарымен барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізді. Бұл әкімшілік аумақ Абай АПБ-ның №14 учаскелік полиция пунктіне қарасты. 

Кездесудің мақсаты – учаскелік полиция инспекторларының жұмысын саралау және халықпен кері байланысты нығайту болып табылады.

Қаланың бас полицейінің алдында тұрғындар көкейтесті сұрақтарына толыққанды жауап алып, өз ұсыныстарын айтты. 

Жиналған қауым осылайша үнемі кездесуге келіп, талап-тілектерін тыңдайтын Ералы Мұсаәліұлына алғыстарын білдіруді ұмыт қалдырмады.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар учаскелік инспекторлардың жұмысына байланысты оң пікірлерімен бөлісті. 

Осы орайда, Шымкент қ. ПД-нің бастығы Ералы Жумаханбетов учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша атқарып жатқан ауқымды жұмыстарымен де танысып, қосымша тапсырмалар берді. 

Айта өтетін ақпарат, 2021 жылдың 4 айында аталған әкімшілік аумақта учаскелік инспекторлармен 158 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға анықталды, ішкі істер органдарына есепке 20 тұлға қойылды. Уақытша уытсыздандыру орталығына 10 тұлға және қабылдап тарату орнына 3 тұлға орналастырылды. 

Кездесу барысында, әдеттегідей, тұрғындарға Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының нұсқауымен «WhatsApp» желісінде құрылған «Жедел әрекет ету тобына» қосылып, жұмыла жұмыс жасау мақсатында байланыс нөмірлер жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.