Жастар ресурстық орталығында жұмысшы топ отырысы өтті.

Бүгін аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның кіші мәжіліс залында Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру және» Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары жобаларының жүзеге асуын ұйымдастыру мақсатында жұмысшы топ отырысы өтті. Жиынға «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы, аудандық «Әйелдер кеңесінің» төрайымы, дербес бөлім жауапты мамандары, «Жастар ресуртық орталығы» КММ-ның директоры, «Өлкетану» мұражайының директоры, «Түрік» этно-мәдени орталығының төрағасы және ауыл округі аппаратының жауапты мамандары қатысты. Күн тәртібінде Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру және» Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының Төрткүл, Қарақұм, Жеңіс ауыл округі бойынша 2021 жылға атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Жұмысшы топ орынбасары аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә. Ысқақ және комиссия мүшелері тарапынан туындаған ұсыныс пікірлер талқыланып, хаттамалық тапсырмалар берілді.

Ордабасы ішкі саясат бөлімі