Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы Жетісайда талқыланды

Түркістан облысы Полиция Департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың бастамасымен Жетісай ауданының полиция басшысы Әділбек Сапарбеков және бөлімше басшыларымен білім бөлімінің мамандары бірлесе отырып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушулықтың алдын алу мақсатында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде оқушыларға кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерде болуы, осы уақыт аралығында ойын және әртүрлі тыйым салынған клубтарда жүруі, себепсіз мектептен қалуына және сабақ уақытында жұмыс жасау мен кәмелет жасына толмағандардың көлік құралдарын жүргізуіне тыйым салынатындығын ескертіп, жол ережесін қатаң сақтауы керектігі жөнінде түсіндірілді.

Сонымен қатар оқушыларға құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігетінін түсіндіре отырып, құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жек е басын қадірлеп, құрметтеуге тиістігін атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі