Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басталғаннан   мектептерде  іс-шаралар  атқарылады. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітіледі. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырады. «Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандардың қылмысын ерте алдын алудың негізгі құралы құқықтық сананы дұрыс тәрбиелеу және қолайсыз отбасын декриминализациялау, бұған құқықтық нормаларды жетілдіру және балаларды тәрбиелеудегі азаматтардың жауапкершілігін арттыру шаралары енеді.
Жасөспірімдердің білімді, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған жиналысқа Түркістан қаласы прокурорының орынбасары К.Танатов, қала әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, полиция қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен қамқоршы кеңестің мүшелері қатысты.
Қалалық полиция басқармасының бастығы Б.Жанаев баяндама жасап, оқушылардың түнгі мезгілде көшеде әсіресе компьютерлік ойынханаларда жүрмеуі, жол жүру ережелерін сақтау, сабақтан тыс уақытта ата-аналардың балаларға көңіл бөліп қадағалау керектігін атап өтті.
Білім беру ұйымдарында және полиция басқармасының профилактикалық есебінде тұрған жасөспірімдерді бақылау және жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылды.
Жоспарға сәйкес, полиция басқармасымен «Балалардың жол қауіпсіздігі», «Жасөспірім», «Абайлаңыз балалар», «Түнгі қаладағы балалар» атты түнгі рейдтік іс-шаралары тұрақты түрде өткізілетінін мәлімдеді.
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы О.Қолдасова «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы», сондықтан бала тәрбиесіне мектеп мұғалімдерімен бірге ата-аналардың бірігіп жұмыс жасауы маңызды екенін түсіндірді. Қорытындылай келгенде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы мен қылмыстылығы мәселесі қазіргі кезде тек құқық қорғау органдарын  толғандыратын мәселе емес, бұкіл халқымызды толғандыратын мәселе.