Жас спортшы самбо саңлағы атануға бар күш-жігерін салмақ

Самбо спорты күрес түрлері арасындағы күрделі бағыттардың бірі. Әлемде айналысушылар саны жағынан танымал самбомен  соңғы  бірнеше жылда  елімізде де бұрымдылардың да саны едәуір көбейген. Мәселен, балуан қыздардың қатарында түркістандық  Шахноза Абдуқадырова  да бар. Спортшы сондай-ақ, белбеу күресінен де ауыз толтырап айтарлықтай жетістікке жеткен. Сұхбат кезінде 20 жастағы жас спортшы самбо саңлағы атануға бар күш-жігерін салатынын айтты.

— Шахноза, спорт саласына келуіңізге не түрткі болды? Спортқа деген алғашқы қадамыңыз қашан және қалай басталды?

—         Спортқа бала кезімнен қызыққанмын. Күреске  2018 жылы келдім. Оған ағаларым себепші. Отбасымда екі ұл баланың ортасында өскен соң шымыр болып өстім. Алғашқы бапкерім —  Ербол Сахов.  Ол мені қабылдап алып, спортқа деген қызығушылығымды арттырған болатын. 2019 жылы жоғары оқу орнына түскенде  Бейсембаева Мөлдір бапкеріміз бізді өз қолына алды. Қазіргі таңда 4 жылдан бері Түркістандағы жаттығу залында дайындалып келеміз. Осы аралықта біраз жетістіктерге жеттім деп айта аламын.

—         Нәзік жанды болғандықтан күрес айналысу сіз үшін қиындық тудырмады ма?

— Жақындарым таңдауыма қарсылық танытқан жоқ. Керісінше,  мотивация беріп, қолдап-қолпаштап жүреді. Жоғарыда атап өткенімдей жанұямда  екі ұл баланың ортасында өскеннен кейін спортқа деген қызығушылығым өте жоғары  болды. Сондықтан да, нәзік жанды болғаныммен маған аса қатты қиындық тудырмады.

—  Самбо спортындағы аға буын өкілдерінен кімді үлгі тұтасыз?
— Самбо спортында  ҚР-ның 13 дүркін чемпионы Айжан Жылқыбаеваны үлгі тұтамын. Себебі, Көк туымызды көкке көтеріп жүрген спортшы аянбай тер төгіп, мықтылығын дәлелдеп келеді. Әлемдік спортшылардан да арасында нөмері бірінші деп осы әпкем деп білемін. Алла қаласа бірге Көк туымызды көкке көтеріміз деген сенімдемін.

— Осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз? Алдағы жылдарға қойған мақсатыңыз қандай?

— Осы уақытқа дейін мен самбо жане белбеу күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері атандым. Және де белбеу күресінен 2019 жылы әлем біріншілігінде 48 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атандым. 2021 жыл өткен жастар арасында өткен Әлем біріншілігінде 52 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткіздім.

— Сұхбаттасқаныңызға рахмет! Сәттілік тілеймін.


Сұхбаттасқан: Ағайша Алпысбаева,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 3-курс студенті.