«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»

2022 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Елімізді саяси- экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды жоспарын ұсынды, бірқатар маңызды міндеттер қойды, бірқатар бастамалар көтерді.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.Қамбаровтың төрағалығымен, Департамент қызметкерлерімен жолдаудың негізгі бағыттары бойынша талқылау жұмыстары жүргізді.
Жиыңға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті,тарих ғылымдарының кандидаты Бахадыр Сатыбалдыұлы Айтай қатысып Президент жолдауының мән-маңызыайрықша екенін, арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейтінін сондай-ақ, алдымызға биік мақсаттар қойып, бірге Жаңа Қазақстанды құруымызға міндетті екендігімізді жеткізді және стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін он бастаманы кеңінен талқылап берді.
Жиынға қатысушылар Президент белгілеген саяси реформаларды бірауыздан қолдады. Жолдау «Жаңа Қазақстанның» құрылысына оң серпін беретіні атап өтілді, өйткені жоспарланған қайта құрулар қазақстандықтардың өмірінің барлық салаларына қатысты. Талқылау барысында айтылған негізгі ой – жоспарлардың жүйелі әрі іргелі болуы жарқын болашаққа үміт және іске асыруға сенім ұялатады.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты басқармасы