Жеке қабылдау өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келгендердің басым бөлігі инфрақұрылым, тұрғын үй және жеке мәселелерімен жүгінді. Мәселен, инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы сұрақтар назарға алынып, ауданды дамыту бойынша кешенді жоспарға енгізілді. Газ, су, кәріз желілерін тарту, жол жүргізуге қатысты талап-тілектер бойынша тиісті басқармаларға мәселені шешу үшін тапсырылды.

Жиынға Ақсукент ауылдық округінің тұрғыны А.Ким есімді азаматша «Строителей» көшесінің бойында орналасқан үйдің шатырынан су ағатынын айтып көмек сұрады. Бұл орайда көппәтерлі үйлерді күрделі жөндеуді мемлекеттік несие есебінен қаржыландыру бойынша ақпарат берілді. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев талап-тілектерді заң шеңберінде қарастырып, халықтың тұрмысын түзеуде бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі