Жемқорлықпен күрес — басты міндет!

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанованың және 37 жыл мемлекеттік қызметте үздіксіз қызмет атқарған, ерен еңбекті З.Пернешованың қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында семинар өтті.Шара барысында З. Пернешова өзінің адал еңбек жолымен қол жеткізген жетістіктерін баяндап, мемлекеттік қызметкерлердің әрқайсысының адал және тиімді жұмысы еліміздің одан әрі дамуына әсер ететіндігін жеткізді. Мемлекеттік қызметші өз еліндегі тікелей міндеттерін орындаудан басқа, отбасында, қоршаған ортаға, адамдармен ортақ тіл табысуға және көпшілікке үлгі болуға тиістігін атап өтті.Сыбайлас жемқорлық қоғамның қауіпті дерті. Елімізде онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Осы орайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленгендігі жөнінде бірқатар ақпараттар айтылды. Сонымен қатар, жиында баяндама жасаған мамандар қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және бұл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, мамандар «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айта келе және оның еліміз үшін маңызды құжат екенін түсіндірді. Жемқорлық мәселесінің Ұлт жоспарында да ұмыт қалмағанын атап өтті.

Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы