Қала әкімінің бірыңғай қабылдауы өтті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Көрме” орталығында сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін халықты жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жаңа жылдағы алғашқы бірыңғай қабылдауға 300 азамат жазылып, өтініш білдірді. Оларды қала әкімі және салаға жауапты әкім орынбасарлары, басқарма басшылары, Шымкент қаласының прокуратура және қалалық полиция департаменті қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады.

Тұрғындар бизнес бастауға грант алу жолдарын, арнайы әлеуметтік көмек түрлеріне жазылу, жер телімдерін заңдастыру, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, тұрғын үйге кезекке тұру, баспананы жалға алу, жылыту маусымындағы жылу жүйелерінің сапасы секілді басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Денсаулық пен білім беру салаларындағы бірқатар проблемалар да айтылды. Одан бөлек, қоғамдық мәселені арқалап келген бірнеше азамат жол құрылысының сапасы, мектеп пен емхана құрылысы, бағдаршам орнату секілді ұсыныстарын жеткізді.

Шаһар басшысы халықтың өтініштерін мұқият тыңдап, барлық мәселе заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.

“Барлық мәселенің шешілу жолы заң шеңберінде қаралып, тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып хаттамаға енгізілді. Хаттамаға енгізілген кейбір сауалдардың шешімін бірден тапсақ, кейбірін іске асыру үшін ұзақ мерзім қажет”,-деді М.Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі