Жеңістің 77 жылдығына орай жетісайлық полицейлер марапатталды

Жетісай аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында жеке құрамның қатысуымен «9 мамыр — Жеңіс күнінің 77 жылдығына» орай шара өтті. Іс-шараның мақсаты – бейбітшілікті сақтаудың, аға ұрпақтың соғыста және тылда көрсеткен ерлігі мен батырлығының маңызын кеңінен насихаттау. Жиын барысында Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ермахан Абдраманов соғыста батырлардың жанқиярлық ерлік көрсеткені, еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жан аянбай көрсеткен батырлықтары бүгінгі ұрпақтың мәңгі есінде сақталатындығын айта кетті. Отан үшін отқа түсіп, майданнан аман есен оралған ардагерлердің алдында бас иетіндігін де айтып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай арнайы жасалған бейнероликтерді ұсынды. Жиын соңында Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы 26 қызметкерге алғыс хат табыстады. Бұдан бөлек 1994 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп, зейнеткерлік жасына жеткен полиция подполковнигі Талғат Архабаевты салтанатты түрде зейнетке шығарып салу рәсімі өтті. Естелік ретінде полиция бөлімі бастығының құттықтау хаты мен сый-сияпаты табыс етілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі