Жоғары сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.  Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында құқық қорғау органдарының тарапынан көптеген маңызды шаралар атқарылып жатыр. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы.

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Жүз Отыз Бесінші жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және полиция қызметкері қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы орын алып жатқан құқық бұзушылық пен зорлық -зомбылықтың алдын-алу және оларды болдырмау мақсатында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ата-аналар арасында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі», «Қиын балалардың пайда болу себептерін анықтау» бойынша жұмыстар жүргізіліп, жайсыз отбасыларды анықтау мақсатында мектептегі құқық бұзушылыққа бейім балалардың үйлерін аралап, әлеуметтік жағдайларымен танысу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатқандығын сөз етті. Өз кезегінде мектеп инспекторы сөз алып қазіргі уақытта жоғары сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтер ұйымдастырылғанын айта келе түнгі 22:00 – ден кейін ойынханаларда отырмауын , 23:00 – ден кейін заңды өкілсіз яғни ата-ананың ертіп жүруінсіз және тұрғын жайдан тыс жерлерде жүруге қатаң тыйым салынатынын айтып өтті және ұрлық түбі қорлық демекші ұрлық туралы да түсіндіріп өтті. Егер де осы белгіленген уақытты бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекісінің №442-1, 442-2 бөлігімен ата-аналарына хаттама толтырылатынын ескертті.