Жүргізуші көліктің терезесін күңгірттеп алғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 2021 жылдың 8-мамыр күні әкімшілік аумақты қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде терезесі күңгірттелген мемлекеттік белгісі 874GEA17 «Лада» маркалы автокөлігі тоқтатылды деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі (күңгірттеу) жол ережесін бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.