Зерделеу жұмыстары жүргізілуде

Тілге құрмет –елге құрмет. Тілді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті. Әл-Фараби ауданына қарасты этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптарға кәсіпкерлік нысандарға ҚР «Тіл туралы» заңы талаптарын сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының, қалалық мәдениет, тілдер дамыту және архивтер басқармасының қызметкерлерімен бірлесе Береке, Химфарм шағынаудандары және «Қазына» сауда үйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, 54-ке жуық кәсіпкерлік нысандарға көрнекі ақпараттық мәтіні заңға сәйкес еместігі анықталып, кемшіліктерді шұғыл жою туралы ескертілді. Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 21 бабы түсіндіріліп, заң талаптарын сақталуы жөніндегі парақшалар таратылды. Кемшіліктер анықталған мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, барлық сауда орындарында екі тілде қызмет көрсету, олардың маңдайшалары мен мәзірлерінің Заң талаптарына сәйкестендіру керектігі түсіндірілді.

Оның ішінде 10 кәсіпкерлік нысан анықталған кемшіліктерді дер кезінде ретке келтірілді. Алдағы уақытта аталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар Шымкент ҚПД Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.

Қазіргі кезде Шымкент қаласы Ш.Көшеров көшесіне жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ҚР Жол жүрісі қағидаларының ЖЖҚ-3.24 (ең жоғарғы жылдамдық шектеу) ЖЖҚ-1.11.1 (қауіпті бұрылыс) ЖЖҚ-1.12.1 (Қауіпті бұрылыстар) жол белгілері орнатылды.

Құрметті қала тұрғындары мен көлік жүргізушілері, Сіздерді жол белгілеріне назар салып, жол ережесін қатаң сақтауға шақырамыз. Жол қателікті кешірмейді.