Инвестициялық бағдарлама аясында газ құбырлары жаңартылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керегін айтқан болатын. Президент ұсынған жаңа саясатқа сәйкес қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдық тарифтерді өсіруге рұқсат береді.

Бүгін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өңірде газ тасымалдау және сату қызметін көрсететін «ҚазТрансГаз Аймақ»  акционерлік қоғамының Шымкент өндірістік филиалымен бірлесе отырып инвестициялық бағдарлама аясындағы іс-шараларының орындалу барысымен танысу мақсатында баспасөз турын өткізді.

Жалпы 2022 жылға арналған инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстарды жүргізуге 2 323 505 мың теңге көзделген.

Аталған бағдарлама шеңберінде Шымкент қаласында өнеркәсіптік кәсіпорындарды, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарды және көп қабатты үйлерді қайта қосу үшін газ құбырларын салу (2 кезек), өтпелі нысан 2021 жылдан бастап – 29 129 мың теңге. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталып, пайдалануға беру актісі ұсынылды және Шымкент қаласында өнеркәсіптік кәсіпорындарды, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарды және көп қабатты үйлерді қайта қосу үшін газ құбырларын салу (4 кезек) — 2 294 376 мың теңге, 76,712 км. газ құбырын салу.

2022 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мерзімі 2022 жылғы 1 шілдеден 2023 жылғы 30 маусымға дейін (12 ай). Бірақ, мердігер мекеме тарапынан келісім-шарттағы көрсетілген міндеттемелерінің уақытылы орындалмауларына байланысты «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Шымкент өндірістік филиалы тарапынан 2023 жылдың 15 тамызында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен ҚР Энергетика министрлігіне инвестициялық бағдарламадағы осы іс-шараға 2022-2023 ж. өзгеріс енгізуге өтініш жолданды. Осыған байланысты мердігер мекемеге келісім-шарт негізінде айыппұл салынады.

2022 жылға арналған инвестициялық бағдарлама 2 323 505 мың теңге сомасына жоспарланған, нақты орындалуы бүгінде 1 068 314 мың теңгені (43,18 км) құрайды. Іс-шара бойынша қалған жұмыстар 2024 жылдың 1 тоқсанына дейін аяқталуы жоспарлануда.