Карантин ережелерін елемей, той жасаған шымкенттіктер анықталды

Шымкент  ҚПД Еңбекші  ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

2021 жылдың 22-мамырында  сағат 12:57-де аудан аумағында орналасқан «Бензин»  рестобары  карантиндік шектеулерді бұзып  «Бесік той» өткізіп жатқанын анықтады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына бағынбастан,  ұйымдастырушы тойға 60 адамнан аса қонақ шақырған.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізген азаматтан түсініктеме алынды.  Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің  425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

         Осы орайда,  Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыны ескермей, әлі той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын ескертеді.