Контрабандалық автокөлік мемлекет кірісіне айналды

Қала прокуратурасы экономикалық контрабандаға байланысты қылмыстық іс бойынша мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс қозғады.

Тергеу барысында Қазақстан Республикасының аумағына кедендік бақылаудан жасырып, оның ішінде жалған құжаттармен әкелінген екі жүк автокөлігі анықталды.  

Қала прокуратурасының өтінішхаты бойынша жоғарыда аталған көлік құралдары сотпен мемлекет кірісіне тәркіленді.

Астана қаласының прокуратурасы