Кәсіпкерлікте сыбайластық болмауы қажет

         Шымкент қаласына  арнайы іс-сапармен келген  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов  жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, оларды толғандырған мәселелер жөніне кеңінен тоқталды. Жиынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев жүргізіп отырды.

         Шара барысында Агенттік тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жүйелі жұмыстар айтылған жиында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан негізсіз ұстауларға, тінтуге жол бермеу бөлігінде қабылданып жатқан жаңа тетіктері таныстырылды. Бұл ретте, бизнесті қорғау жөніндегі шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына енгізілген. Аталған құжат адал бизнес мәдениетін қалыптастыру жөніндегі іс-қимылдарды және оны ынталандыру тәсілдерін көздейді.
         Айта кету керек, Шымкентте жыл басынан бері бизнестің жұмысына араласудың 103  фактісі тіркелсе, оның 11-і лауазымды тұлғаларға қатысты екендігі анықталған. Ал, 8 кәсіпкер мемлекеттік қызметкерлермен бірлесіп құйтырқы әрекеттерін жүзеге асырып келген. Осы орайда, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзге де өзекті проблемалық мәселелеросы жиында талқыланып, бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
         Кездесу барысында, артспорт жайында сөз қозғаған кәсіпкерлер, іске агенттіктің араласуын сұрануда. Осы орайда, бұл мәселені аяқсыз қалдырмайтынын жеткізген  Превенция қызметінің басшысы тиісті орындармен тиянақты жұмыс жасайтынын жеткізді. Әрмен қарай, жұмыс сапарын «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалғастырған Саян Ахметжанов инвесторлармен кездесіп, оларды мазалаған мәселелерге тоқталды. Қазіргі таңда, кәсіпкерлерге кедергісін келтіріп отырған қосымша құн салығы көрінеді. Егер, ол алынып тасталатын болса, өз өнімдеріміздің бағасы әлде қайда төмендеп, инпорттың көлемі бірнеше есеге дейін артады деп күтілуде.  

         Бүгінде Агенттік тарапынан бизнесті қорғауға үш бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Біріншіден, бұл бизнестің парасаттылығына жәрдем көрсету жөніндегі тұжырымдамалық шаралар болса, екіншіден, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан қорғау тетіктерін енгізу. Ал, үшіншісі кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып жедел ден қою. – Сыбайластыққа қарсы саясат тұжырымдамасында кәсіпкерлікті қолдау үшін нақты жоспар бекітілген. Заң бойынша жұмыс істейтін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуді қолдайтын компаниялар үшін мемлекеттік қолдауға түрлі жобалар бар. Мұндай жеңілдіктер мен преференциялар мемлекеттік сатып алу саласына көп жеңілдіктер сыйлайды. Сондықтан әрбір кәсіпкер бюджет ақшасымен жұмыс істеу кезінде өз бизнесінің ашықтығын қамтамасыз ету тиіс, -деді Саян Қылышұлы. Сондай-ақ, жиында бизнесті қорғау шаралары да сөз болды. Жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі талдау және әкімдік өкілдерінің бизнеске әсер ету мүмкіндіктерін азайту бойынша да жүйелі жұмыстар қолға алынған.

         – Кәсіпкерлік мүдделеріне қатысты кез келген тергеу әрекеттерін қосымша келісуді көздейтін алгоритм дайындалды. Негізсіз тексерулерге жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкерлердің іс-әркеттеріне бақылау қатаңдайды, — деп түсіндірді Превенция басшысы. Кәсіпкерлердің жиын барысында айтқан мемлекеттік сатып алу мен қолданыстағы басқа да заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы ұсыныстары назарға алынды.

Ntime.kz