Кәсіподақ өкілдері жалпықалалық сенбілікке қатысты

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Келешек» жастар кеңесі Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Айгерім Алиева бастаған ерікті жастар 18 қыркүйек — World clean up day Дүниежүзілік акциясына орай Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты. Үлкен сенбілікке волонтерлер мен мемлекеттік қызметкерлер де шықты. Аталған іс-шарада жүзден астам адам болды.Дүниежүзілік акцияның мақсаты — экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.Сенбілік қоршаған ортаның ластану проблемасына, қаламыздың табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы