«Көмек» оңалту орталығының азаматтарына заңгерлік тұрғыда құқықтық көмек көрсетілді

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерінің және адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттардың, кәсіби медиаторлардың, Түркістан ҚПБ ЖПҚ Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны, жеке сот орындаушылардың, ерікті заңгерлердің қатысуымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында және азаматтарға құқықтық, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша заңдық тұрғыда  консультациялық көмек көрсету үшін «Көмек»  оңалту орталығының азаматтарын қабылдау  өткізілді, деп жазады ntime.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Аталған шарада 20-ға жуық оңалту орталығындағы азаматтардың мәселелері тыңдалып, заңдық тұрғыда құқықтық көмек берілді.Сондай ақ 2 азаматтың өтініші жазбаша қабылданып,   қарауға алынды. Жоғарыда көрсетілген  мәселелер негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында тегін адвокаттық қызмет көрсету бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

Оңалту орталығында қабылдауда болған азаматтардың мәселелері бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында тегін адвокаттық қызмет көрсетілетін болады.  Мемлекет кепілдік берген  «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі бойынша 172 адвокат қызмет атқаруда.                               Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарына сәйкес мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуге келісілген адвокаттардың саны-122 . Ағымдағы жылы Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны 6076. Оның ішінде:  қылмыстық істер бойынша-1611, азаматтық іс-20, әкімшілік іс-160, құқықтық кеңес берілген азаматтар саны-4285.

Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында 1286 насихат жұмыстары жасалды.