Көпқабатты тұрғын үйлердегі қауіпсіздік

Шымкент қаласы ТЖ департаменті қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллондарын пайдалануы өзекті мәселердің бірі ретінде ерекше назар аударуда. Қазіргі таңда қала аумағында 31 табиғи газбен қамтылмаған көпқабатты тұрғын үй бар. Тек Әл-Фараби ауданында 18 көпқабатты үй бар, жоба бойынша бұндай үйлерде электр плиталар қарастырылған. Қаладағы газ баллондарды тасымалдайтын мекемелер газ баллондарды толтыру жұмыстарымен айналысады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес газ баллондарын тасымалдайтын мекемелер көпқабатты үйлердің тұрғындарына оларды жеткізуге, сатуға тыйым салынған және көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына газ баллондарды пайдалануға, сақтауға да болмайды. Департамент тарапынан газ баллондардың жарылысын алдын алу, көп пәтерлі тұрғын үйде тұрмыстық баллондарды пайдалануына тыйым салу және жол бермеу бойынша тиісті шараларды ұйымдастырылып, аудандық әкімдіктермен бірлесіп тиісті жұмыстар атқарылуда. Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасы аудан аумағында орналасқан қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тұрғын үйдің әр пәтеріндегі ас үй-жайларына газ-техникалық инспекцияның мамандары кіріп, газ баллондарын пайдаланып отырғаны анықтады. Бұл рейдке қатысқан мамандар көп қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және пайдалануға тыйым салынатыны туралы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында үйлерінде жоқ тұрғындарға конвертке салынған ескерту жаднамалар таратылды.

Шымкент қаласы ТЖ департаменті