Мақтааралдағы жеңіс елдімекенінде орман өсірілуде

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №966 Қаулысының 39-тармағындағы «Мекенім — жасыл орманым» жалпы ұлттық ағаш отырғызу күнін өткізу бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың тапсырмасына сәйкес, Жаңажол ауылдық округі Жеңіс елдімекенінің кіреберіс жеріне 13-қараша күні көшет егу жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға 1245 адам қатысса, оның 524-і жастар болды. Сондай-ақ, 6 техника жұмылдырылып, жалпы саны 7500 дана көшет егілді.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі