Мектеп қабырғасында жиналыс өткізілді

Мектеп оқушылары арсында құқық бұзушылықтың алдын алу бүгінде өте өзекті мәселеге айналды. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №132 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұл бала -ұлт қорғаны» тақырыбында 7-11 сынып ұлдар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры У.С.Каштанова, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Е.Калменов, мектеп инспекторы Б.Тузелбайұлы, АӘД пән мұғалімі Е.Батырбеков қатысуымен, 2022 2023 оқу жылы жоспарына сай кәмелетке тoлмaғaн oқyшылap apacындa құқық бұзyшылықтың aлдын aлy бoйыншa жиналыс өткізілді, кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыру, оқушыларға адамгершілік және салауатты өмір салты негіздерін түсіндірді. Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып,қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз.

Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N132 жалпы орта білім беретін мектепте ИДН қызметкері Б.Түзелбайұлының, мектеп психологтары Ф.Усипова,Н.Майлыбаева және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Кантееваның қатысуымен жиналыс өткізілді.

Мектеп психологтары Ф.Усипова, Н.Майлыбаева психологиялық кеңестер беріп, бейнероликтермен бөлісті.

ИДН қызметкері «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу басты міндет» тақырыбында, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында баяндамалар оқып, өз кеңестерін айтты.

Оқушыларды Ата ана мен ұстаздардың үмітін ақтап, еліміздің өркендеуіне мол үлес қосуға шақырылды. Жастардың еліміздің ертеңі екендігіне, болашақ жастардың қолында екені кеңінен түсіндірілді. Тәрбие орынбасарлары құқық бұзушылыққа жол бермей, мектеп ережесін үнемі жадында ұстанып, өз елінің нағыз патриоттары болуға шақырды. Оларға үлкен сеніммен қарайтындықтарын жеткізді.

Оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алып, жылы лебіздерін білдірді.