Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінде (бұдан әрі — Департамент) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті деп хабарлайды ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.

Отырысқа Ведомоствоаралық жұмыс тобының мүшелері, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиал директоры, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау басқармасының басшысы және Әл-Фараби, Еңбекші, Абай, Қаратау аудандарының, Мамандандырылған №1,2,3 бөлімдерінің басшылары және Департамент қызметкерлері қатысты.

Жұмыс барысында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 29-бабына сәйкес «ОҚО талдау және болжау орталығы» қоғамдық бірлестігімен 2020 жылы Шымкент қаласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг қорытындысымен анықталған кемшіліктер бойынша мәселелері көтерілді.

«Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі» болып табылатындығын жұмыс тобының төрағасы Әлиев Мейрамбек Манарбекұлы басты назарға алды.

Мониторинг қорытындысымен анықталған Шымкент қаласында туындаған проблемалық мəселелер «ОҚО талдау және болжау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі Орманов Бектай Нуртайұлының баяндамасында айтылды.

Отырыс нәтижесі бойынша жоғарыда аталған қызметті сапалы көрсетуге бағытталған тиісті ұсыныстар берілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырумен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімі артуына ықпал етеді деп сенеміз.